Қазақстан құрамасы 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу кезеңінде Әзірбайжандық құрдастарын жеңді. Құрамаға жеңісті матчтың екі голын соққан қайраттықтар әкелді.
Ойынның үшінші минутында «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушісі Диас Кушкунбаев есепті ашты. Ойынның соңында «сары-қаралардың» тағы бір өкілі - шабуылшы Алишер Рахимжанов екінші голды соғып, жеңісті нықтады.
Қазақстан U-17 - Әзірбайжан U-17 - 2:0 (1:0).
Голдар: Кушкунбаев 3, Рахимжанов 85.
Қазақстан U-17: Пивкин (В), Ткаченко, Широбоков, Калау (Рахимжанов 39), Кушкунбаев, Яковлев (Кукеев 40), Азат (Орда 28), Халматов (Сомов 66), Сатышев, Анкудинов (Дулатов 66), Кенжебек (К).