Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македониялық құрдастарымен тең түсті. Матчқа «сары-қаралардың» төрт ойыншысы қатысты.
Скопье қаласында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Есепті македондықтардың капитаны Милан Ристовски ашты. Екінші таймда қазақстандықтар есепті теңестірді. Оралхан Өміртаев ерекше көзге түсті.
Жастар құрамасының негізгі құрамында «сары-қаралар» командасының екі ойыншысы - Адам Адахаджиев пен Еркебұлан Сейдахмет алаңға шықты. Матч барысында алаңға Сұлтанбек Астанов пен Артур Шушеначев шықты.