«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қайраттықтар Сан-Мариноны ұтуға көмектесті
Қайрат

Қайраттықтар Сан-Мариноны ұтуға көмектесті

11 июня 2019
/ 00:00

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алаңға негізгі құрамда төрт қайраттық шықты. Олар – Ян Вороговский, Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат және Бауыржан Исламхан. Оның үшеуі де гол соқты. 

Ойынның алғашқы минуттарынан алаң иелері басым шабуылмен көзге түсіп, Симон Бенедеттинидің қақпасын торуылдаумен болды. Бірінші таймның қосымша минуттарында Ғафуржан Сүйімбаев Исламбек Қуатқа пас шығарды. Қуат допты дәл көздеп, қақпаға ұрды. Осылайша, есеп ашылды.

Үзілістен кейін алаңға енді қосылған Максим Федин қазақстандықтардың пайдасына шешілген екінші голды соқты. Ойынның 65-минутында Бауыржан Исламхан Сүйімбаевқа пас шығарды. Ғафуржан дәлдікпен қақпаны көздеді. Есеп - 3:0. Ойынның нүктесін Исламхан қойды. 79-минутта құрама капитаны айып алаңынан әдемі гол соқты. Бауыржан бұл матчта бір гол соғып және нәтижелі пас беріп, құрамамыздың қарсыласты жеңуіне үлкен үлесін тигізді.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінде алты ұпайды еншіледі. Жерлестеріміз кезекті матчты 6 қыркүйекте кипрліктерге қарсы өткізеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»