Қазақстан Ұлттық құрамасы өз алаңында Ұлттар Лигасының аясында Грузия командасын қабылдады.
Жаңа турнирдің алғашқы кездесуін қазақстандықтар Грузияға қарсы өткізген. Матч «Астана-Арена» стадионында өтті. Қазақстан құрамасының сапында алматылық «Қайраттың» ойыншылары: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат және Георгий Жуков өнер көрсетті.
Владимир Плотников, Гафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский және Айбол Әбікен қосалқы құрамда қалды. Ойын қонақтардың пайдасына 0:2 есебімен аяқталды.