«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» төрт ойыншысы үздіктер құрамасында!
Қайрат

«Қайраттың» төрт ойыншысы үздіктер құрамасында!

19 сентября 2019
/ 11:00

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Премьер-Лиганың 26-турының үздіктер құрамасын таныстырды. Оған Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Дино Миканович және Адеринсола Эсеола кірді.

Құрама InStat компаниясының статистикалық талдауы негізінде құрастырылды. Оны қалыптастыру кезінде ойыншылардың іс-әрекетінің жалпы индексі ғана емес, сонымен қатар олардың позицияларына тән әр түрлі негізгі көрсеткіштер де ескерілді.

Турдың үздік сол қаптал қорғаушысы: Ғафуржан Сүйімбаев

«Сүйімбаев «Жетісу» командасына қарсы сәтті ойын көрсетті. Ол соғылған голмен, голдық паспен және де тұтастай өз қапталын жапты - 86%  дәлдік пас, 5 «ауадағы» жеңіс, 19 рет допқа иелік ету, 12 рет қарсыластың берген пасын  ұстап қалып және 3 рет қарсыластан допты алып қойды. Іс-әрекет индексі-304».

Қарама-қарсы қапталда Дино Миканович жақсы ойын көрсетті.

«Миканович талдықорғандықтардың өз қапталындағы белсенділігін жойып және де мүмкіндігінше команданың шабуылдарына қосылды. «Қайраттың» Хорваттық қорғаушысы 77% дәл пас берді, 3 рет қарсыласты алдап өтті, қорғаныстағы күрестің 75% жеңді, 8 рет допқа иелік етіп, 5 рет қарсыластан допты алып қойды (100% көрсеткіш) және де 18 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалып турдың үздігі атанды. Әрекет индексі – 254».

Нұралы Әліп үздік орталық қорғаушылардың бірі болды.

«Әліп «Жетісу» ойыншыларымен күреске батыл кірісіп, қарлыласқа қарағанда алыдын-ала ойын көрсетіп, батыл допқа шалулармен көрінді, 5 рет допты баспен алып, 12 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалды, 10 рет допқа иелік етті, үш рет допты қарсыластан алып қойып және де 81% дәлдік пас берді. Әрекет индексі – 271».

Кезекті дубль жасаған Адеринсола Эсеола жетінші рет тур құрамасына енді.

«Эсеола барлық уақытта шабуылдарға қатысып, «Жетісу» қақпасына қауіп төндіруге тырысты, алаңды өте жақсы көріп және де пас берілген кезде жылдам гол соғылатын позицияға шыға білді. Нәтижесінде оның табандылығы екі голмен марапатталды. Әрекет индексі-334».

 

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»