«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» төрт ойыншысы – турдың символикалық құрамында
Қайрат

«Қайраттың» төрт ойыншысы – турдың символикалық құрамында

09 апреля 2019
/ 11:00

«Қайраттың» төрт ойыншысы турдың символикалық құрамына енді.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен турдағы үздік он бір ойыншының тізімін жариялады. Құрамаға «Қайраттың» төрт ойыншысы енді - Сергей Кейлер, Раде Дугалич, Ян Вороговский және Адеринсола Эсеола.

Үздік қорғаушылар қатарына алматылық команданың бірден үш футболшысы енді.

Сол қанаттағы үздік қорғаушы болып Сергей Кейлер танылды.

«Оқжетпеске» қарсы матчта Кейлер шабуылға араласып, қонақтарға қиындық тудырды. Ол айып алаңына 8 рет доп әуелетті, екі нәтижелі пастың авторы атанды. Екеуі де – бұрыштамадан. Одан бөлек, 6 рет допқа бірінші жетіп, 5 мәрте допты қарсыластан тартып алды».

Орталық қорғаушы Раде Дугаличсарапшылардан жоғары ұпай алды.

«Дугалич өз қақпасы алдындағы қорғанысқа көңіл бөліп, қателікке жол бермеді. 89% дәл пас, 67% жеңген жекпе-жектері, әуедегі таласта 5 рет ұтқан, қарсыластың пасына 12 рет бірінші жеткен. Стандарт кезінде қонақтар қақпасына жиі шабуылдап, екі голдың авторы атанды».

Турдың оң қапталдағы үздік қорғаушысы атағын Ян Вороговский алды.

«Вороговский қорғаныста сауатты ойнап, шабуылдауды да ұмыт қалдырмады. «Қайраттың» латералі 3 рет қарсылас пасына бірінші жетіп, 2 рет тартып алған. Алыстан гол соғуға жақын болған, бірақ «Оқжетпестің» қорғаушысы өз командасын құтқарып қалды. Артынша Эсеола кері қайтқан допты қақпада тулатқан еді».

Турдың үздік шабуылшысы атағы қатарынан екінші рет Адеринсола Эсеолаға бұйырды.

«Эсеола алаң ортасында жүріп, әр шабуылға араласты. Украиналық форвард жиі ұрымтал тұсқа шығып, «Оқжетпес» қақпасына екі гол соқты. Жалпы алғанда, Адеринсола өте пайдалы ойдаы – қақпаға 6 соққы, 73% дәл пас, 2 рет қарсыласты алдап өткен және 4 рет қарсыластың пасына бірінші жетті».

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»