«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» төрт ойыншысы – турдың ең пайдалылар қатарында
Қайрат

«Қайраттың» төрт ойыншысы – турдың ең пайдалылар қатарында

03 апреля 2019
/ 00:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың 3-турын қорытындылап, символикалық құрам жариялады. Турдағы ең пайдалы ойыншылар тізіміне «Қайраттың» төрт футболшысы енді: Нұралы Әліп, Рамазан Оразов, Конрад Вржещиньский мен Адеринсола Эсеола.

Үздік қорғаушылар тізіміне Нұралы Әліп енді.

«Әліп жаңа маусымда «Қайраттың» қорғаныс шебіндегі маңызды ойыншылардың бірі болып жүр, бұған турдың үздік ойыншылар құрамына екінші рет еніп отырғаны дәлел. 80% дәл пастар, 79% жеңген жекпе-жектер, әуеде алты рет ұтқан, 10 рет допқа бірінші жетіп, 6 рет қарсыластан тартып алған. 19 жастағы қорғаушы турдағы жоғары ұпайлардың бірін әділетті түрде алды».

Ал үздік жартылай қорғаушылар тізіміне Рамазан Оразов пен Конрад Вржещинский енді.

«Қайраттың» құрамында Оразов ең белсенді ойыншылардың бірі болды. Ол өзі қауіп төндіріп қана қоймай, қорғаныс пен шабуыл шебін байланыстырып тұруды да ұмыт қалдырған жоқ. Тамаша нәтижесі пас, 83% дәл пас, үш рет сәтті алдап өтті, 5 рет допты тартып алды, 8 рет допқа бірінші жеткен – сандар тілімен айтқанда Рамазан осылай ойнады».

«Қайраттың» польшалық вингері жақсы ойын көрсетіп, ақтөбелік клубтың қақпасына көп қауіп төндірді. Вржещиньский үш рет соққы бағыттаған, оның алғашқысы алматылықтардың тамаша жеңісінің бастауы болды. Оның үстіне, ол 4 рет допқа бірінші жеткен».

Турдың үздік шабуылшысы болып Адеринсола Эсеола атанды.

«Эсеола «Ақтөбенің» қорғанысына көп қиындық тудырды, қарсылас қақпасын торуылдаумен болды. Украиналық форвард үш рет сәтті дриблинг жасады, әуедегі таласта 8 рет жеңіске жеткен, 8 мәрте соққы жасаған, оның төртеуі қақпаға дәл жетіп, бір гол соқты. Одан да көбірек гол соғуға жақын болған, бірақ мұның өзі тур үздіктерінің шабуыл шебінен орын алуына кедергі болмады».

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»