«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» төрт ойыншысы клубпен жаңа келісімге қол қойды
Қайрат

«Қайраттың» төрт ойыншысы клубпен жаңа келісімге қол қойды

03 февраля 2020
/ 12:00

«Қайрат» ФК Данил Устименкомен, Адам Адахаджиевпен, Вячеслав Швыревпен және Артур Шушеначевпен келісімшартқа отырды.

«Қайрат» ФК академиясының шәкірті болып табылатын Устименко дайындық тобы командасынан негізгі командаға дейінгі жолды жүріп өтті. Голкипердің жаңа келісімі 2024 маусымның соңына дейін есептелген. Өткен маусымда Данил «Қайрат-Жастардың» негізгі қақпашысы және бас команданың үшінші қақпашысы болды. «Қайрат-Жастар» үшін Устименко 14 ойын өткізді. Олардың сегізінде талантты голкипер өз қақпасын құлпта сақтап қалып, осы үшін Бірінші лига 2019 маусымының үздіктер құрамына кірді.

Жартылай қорғаушы Адам Адахаджиев те клуб академиясының тәрбиеленушісі болып табылады. Адахаджиевпен жаңа келісім 2023 жылдың соңына дейін есептелген. Өткен маусымда Адам «Қайрат-Жастардың» негізгі плеймейкері болды, сондай-ақ Премьер-лигада «Қайрат» құрамында дебют жасады.

Клуб академиясының тәрбиеленушісі Вячеслав Швырев 2023 жылдың соңына дейін есептелген жаңа келісімге қол қойды. Шабуылшы 2018 жылы «Қайрат» құрамында дебют жасады . Өткен маусымда Швырев клубтың бас командасының 13 матчына қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ, Вячеслав «Қайрат-Жастар» үшін 18 матч ойнап, үш гол соғып, алты голдық пас берді.

«Қайрат» пен Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев 2022 жылдың соңына дейін клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Өткен маусымда Шушеначев «Қайрат-Жастардың» негізгі шабуылшысы болып, 23 ойында 12 гол соқты. 2019-чемпионаттың соңында Артур негізгі команданың ойындарына белсенді түрде қатыса бастады, содан кейін «Тобылмен» болған матчта маңызды гол соқты.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»