«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» тәрбиеленушілері – еліміздің жүлдегерлер тізімінде бірінші орында
Қайрат

«Қайраттың» тәрбиеленушілері – еліміздің жүлдегерлер тізімінде бірінші орында

06 ноября 2018
/ 00:00

«Қайраттың» Академиясы Қазақстан Біріншілігінде үздік нәтижелер көрсетті.

Осы жылы Академиялар мен футбол орталықтарының түрлі жастары арасында 7 түрлі Біріншілік өтті. Оның төртеуінде «Қайраттың» тәрбиеленушілері жүлделі орындарға қол жеткізді.

Осылайша, «Қайраттың» Академиясы биыл үздіктер тізіміне төрт рет енді:

1-орынды «Қайрат-2003» командасы 2002 жылы туған командалар біріншілігінде жеңіп алды.

2-ші орынды 2000 жылы туған командалар арасындағы біріншілікте сынға түскен «Қайрат-2002» командасы мен 2005 жылғы командалар арасындағы біріншілікте ойнаған «Қайрат-2006» командасы иеленді.

3-ші орынды 2006 жылғы командалар арасындағы біріншілікте ойнаған «Қайрат-2007» командасы ұтып алды.

Алматылық Академиядан кейін «Ертіс» тәрбиеленушілері келеді, оларда 1 «алтын» мен 3 «қола» бар. Одан кейін «Астана» тұр: олар биылғы біріншілікте 2 «алтын» мен 1 «күміс» иеленді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»