Биылғы екінші оқу-жаттығу жиынынан Алматыға оралған «Қайрат» ойыншылары мен бапкерлері екі күндік демалыс алды. Алда келесі оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. Оның алдында алматылық команданың бапкері Алексей Шпилевский алдағы жұмыстар туралы жоспарымен бөлісті.
- Ойыншылардың өзара әрекеттесуін нығайту жұмысы жалғасады, - деді «Қайрат» ФК аға бапкері Алкесей Шпилевский. – Алғашқы екі жиында біз бұл бағытта көп нәрсеге қол жеткіздік, бірақ сол жетістікті одан сайын арттыра береміз. Жолдастық кездесулерге келер болсақ, төрт ойын жоспарланған. Қарсылас ретінде әр түрлі мектептерден шыққан өзіндік командалар таңдалды. Жаттығуда да, ойын барысында да тактика бойынша, жаңа ойын жүйелері бойынша көп жұмыс істейміз. Ресми турнирлердің матчтарына тиянақты дайындалуымыз керек. Алда «Астанаға» қарсы жауапты ойын күтіп тұр. Бұл ойында біз Суперкубокты сарапқа саламыз. Жиындағы тапсырмалар туралы тағы қосарым, әр түрлі стандарттық жағдайдарға көп көңіл бөлінеді. Өзіміздің орындауымызда да, қарсыластың стандарттарына да дайындаламыз. Мұнда айып соққылары, бұрыштама жағдайлары, допты ауттан бастау туралы айтып отырғанымды бәрі түсінген болар. Келесі ОЖЖ 6 ақпанда Алматыда командамыздың оқу-жаттығу базасында басталатынын айта кетейін. Бірнеше күннен кейін, яғни, 10 ақпанда біз Түркияға аттанамыз.
- Үшінші жиында «Қайрат» нақты қай командалармен ойнамақ?
- Енді өз ұлттық чемпионаттарының жоғары дивизионында ғана ойнайтын футбол клубтарымен күш сынасамыз. 14 ақпанда ресейлік Тула қаласының «Арсенал» командасымен ойнаймыз. 16 ақпанда украиналық Львовтің «Карпаты» ұжымымен кездесеміз. 18 ақпанда армениялық Капанның «Гандзасарымен» матч жоспарланған. Жиындағы соңғы ойында Словения біріншілігінің қазіргі чемпиондары әрі көшбасшысы «Морибормен» ойнаймыз. Осы матчтарда шабуылдағы, қорғаныстағы әрекеттеріміздің түрлі нұсқаларын саралап көреміз. Орта деңгейлі командаларға қарсы ойындарға қарағанда бұл кездесулер оңайырақ өтетін шығар, себебі құрамды қосымша жігерлендірудің қажеті болмайды. Мықты қарсыластарға қарсы матчтарда нәтиженің маңыздылығы туралы түсінік футболшылардың қанында бар, сондықтан, олар ерік-жігерді көңіл-күймен ойнайды. Бізге ашық футбол ұсынатын шығар. Біз бұған дайынбыз деп ойлаймын.