«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» үш ойыншысы – турдың символикалық құрамында
Қайрат

«Қайраттың» үш ойыншысы – турдың символикалық құрамында

22 мая 2019
/ 00:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен турдың үздік он бір ойыншылар тізімін жариялады . 11-тур құрамына Елдос Ахметов, Небойша Косович пенАдеринсола Эсеола енді.

Ең үздік тур қорғаушысы болып Елдос Ахметов атанды.

«Ахметовке «Ertis» ойыншылары қарсы тұра алмады. Ол жақсы ойын өрнегін көрсетіп, өзінің позициясында үздік ойыншы атанды. «Қайрат» қорғаушысы 8 рет допқа таластың барлығында допты тартып алды, әуедегі таласта 6 рет ұтты. 84 % көрсеткішпен дәл пас, 8 рет допқа қарсыластан бұрын жеткен»

Үздік жартылай қорғаушы атағы Небойша Косовичке бұйырды.

«Косович павлодарлықтарға қарсы матчта өзін көрсете алды. Қорғаушыларға көмектескен ол шабуылда жойқын соққысымен дәл пас берді. 24 жастағы черногориялық ойыншы 87% көрсеткішпен дәл пас жасады, әуедегі таласта 6 рет ұтқан, 8 рет бірінші болып қарсыласынан бұрын жетсе, 6 рет допты тартып алған»

Турдың үздік шабуылшысы атағын Адеринсола Эсеолаиеленді.

«Эсеола «Қайратты» көптен күткен жеңісін әперді. Форвард 81 % көрсеткішпен дәл пас жасады, үш рет өтімді соққы жасады, 8 рет қарсыласты алдап кетті, 4 рет бірінші боп допқа жеткен»

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»