«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» үш ойыншысы 2019 маусымының үздік ойыншылар құрамында
Қайрат

«Қайраттың» үш ойыншысы 2019 маусымының үздік ойыншылар құрамында

19 ноября 2019
/ 12:00

Бауыржан Исламхан, Ғафуржан Сүйімбаев пен Адеринсола Эсеола 2019 маусымының ең үздік он ойыншы қатарына енді.

Сол жақ қорғаушы позициясында Ғафуржан Сүйімбаев үздік атанды. 

«Қайраттың» моторлы қорғаушысы маусым бойы сол жақ жиекте шаршамай жұмыс атқарып, өз қақпасының алдында да, басқалардың қақпасында да пайдасын тигізді. Суюмбаевтың соққылық қабілеттері  бәріне белгілі – ол өз позициясындағы ең көп соққы жасаған үздік ойыншы атанды. 61 соққының ішінде  15-і дәл соққы болып және екі соққысы нәтижелі болды. Оған қоса оның екі ассисты бар. Орта есеппен Ғафуржан матчта келесі статистиканы жинады: пас дәлдігінің 76% - ы, қарсыластың айып алаңына 8 рет пас беру мүмкіндігі, үш рет қарсыластан допты алып қою, 6 рет қарсыластың берген пасын ұстап қалу және 8 рет допқа иелік ету. Орташа әрекет индексі-238. ҚКФЛ үздіктер құрамына 6 рет кірді».

Маусымның ең пайдалы жартылай қорғаушылары қатарына Бауыржан Исламхан кірді

«Исламхан-қазіргі қазақстандық футболдың негізгі тұлғасы, ел құрамасының капитаны және «Қайраттың» көшбасшысы. Осы маусымда ол өзінің белсенділігімен, ептілігімен  және шабуылдардың жалғасуын тұрақты іздеумен есте қалды. Бауыржан пас ойынында да және шабылдардың аяқталу фазасында да өзін көрсете білді. Маусымда 7 гол және 7 ассист, 79%  пас дәлдігі және 8 рет қарсыластың айып алаңына пас беріп, сонымен қатар матчта орта есеппен 5 рет қарсыласты алдап өтті. Әрекет индексі-268. ҚКФЛ үздіктер құрамына 8 рет кірді».

Жылдың үздік форвардтарының дуэтіне Адеринсола Эсеола кірді

«Өткен жылы Эсеолаға  үздік бомбардир атағын алуға аз ғана жетпей қалған, бірақ осы маусымда ол бар күшін салып, 19 голмен турнирдің үздік ең көп соққы жасаған ойыншысы атағын Томасовпен бөлісті. Украиндық форвард  жылдамдығымен, табандылығымен, салқын қандылығымен ерекшеленді. Бір секундта шешім қабылдай білуді көрсетті, серіктестермен жақсы қарым-қатынаста болып және де үш голдық пас берді. Жалпы алғанда, ол 103 соққы жасап, 55 рет дөп түсті, «Қайраттың» 31 голдық шабуылына қатысып, шабуылда 146 жекпе-жекті жеңіп, екінші қабатта 65 рет допты алды. Әрекет индексі-244. ҚКФЛ үздіктер құрамына 9 рет кірді».

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»