«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» шәкірттері Millenium Cup-қа қатысады
Академия жаңалықтары

«Қайраттың» шәкірттері Millenium Cup-қа қатысады

17 сентября 2019
/ 11:00

«Қайрат U15» халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Турнирге «Барселона» академиясының командасы да қатысады.

21 қыркүйекте Брест қаласында қаланың мыңжылдығына арналған Millenium Cup халықаралық жасөспірімдер футбол турнирі басталады. Оған 2005 жылы туылған футболшылардан құралған алты команда қатысады. Брестке «Барселона» (Испания), «Днепр» (Украина), «Ягеллония» (Польша) өкілдері, біздің тәрбиеленушілеріміз, сондай-ақ екі беларустық команда: «Динамо-Брест» және БАТЭ өкілдері жиналады.

Жеребенің қалауымен, «Қайраттың» жігіттері «А» тобына кірді, олармен бірге топқа  «Ягеллония» мен БАТЭ кірді. «Барселона», «Днепр» және «Динамо-Брест» «В» тобына кірді. «Сары-қаралар» ашылу матчында «Ягелониямен» күш сынасады.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»