«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» сенімді жеңісі
Қайрат

«Қайраттың» сенімді жеңісі

31 января 2019
/ 00:00

Ресейлік «Чайкаға» қарсы жолдастық матчтың барысында 0:1 есебімен жеңіліп жатқан «Қайрат» жеңісті жұлып әкетті.

«Қайрат» пен Ростов облысының «Чайка» клубы арасындағы жолдастық кездесу алматылықтардың шабуылымен басталды. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері қапталды кең пайдаланып, жылдам ұмтылыстар өткізді, қарсыластың айып алаңына жиі пас асырды.

«Чайка» 14-минутта өзінің алғашқы, бірақ сәтсіз бұрыштамасын жасаған. Қайраттықтар қарымта ретінде допты жылдам жүгіретін Хан Чжон Вуға жеткізуге тырысты, ол өте белсенді болып, Дмитрий Араповтың қақпасына қауіпті соққы бағыттады. Бұл бірінші таймның ортасы болатын, ресейліктердің қақпашысы орнынан табылды.

Жанкүйерлер алғашқы голды кездесудің 30-минутында көрді. Қонақтар аут лақтырған, Николай Гиоргобиани бірден Александр Подбельцевке пас қалдырды. «Чайканың» үздік сұрмергені есепті ашты.

Үзілістен кейін «Қайрат» қауіптірек ойнай бастады. Таймның басында біздің футболшылар бұрыштан доп әуелетуге мүмкіндік алды. Рифат Нұрмұғамет бұрыштан көтерген, «Қайраттың» жаңа ойыншысы Раде Дугалич баспен дәл соққы жасады.

Араға бір ғана минут салып, алматылықтар есепте алға шыға алды. Айбол Әбікен өз пасымен Адеринсола Эсеоланы пасты, соңғысы қарсыластың қорғанысынан сытылып өтіп, нысананы дәл көздеді – 2:1. Аз уақыттан соң «сары-қаралардың» форварды дубль авторы атанды. Ойынның 55-ші минутында Вячеслав Швырев жойқын соққы бағыттады. «Чайканың» қақпашысы Вячеслав Граб сенімді ойнағандай көрінген, бірақ екінші деммен жасалған шабуылда доп айып алаңына асырылып, Эсеола қанжығасын майлады – 3:1.

Бұл гол кездесудің сәні болды!

Ақтық ысқырыққа дейін қайраттықтардың шабуылы тоқтаған жоқ. Алматылықтар төртінші голды соғуға да жақын болған. Шабуылға жиі әрі тиімді араласатын Дугаличте де дубль жасайтын мүмкіндік туды. Эсеола да хет-трик авторы атануы мүмкін еді. Швыревте де гол соғатын мүмкіндік болды, бірақ футболшылар оны пайдалана алмады.

Нәтижесінде – 3:1. «Қайраттың» сенімді жеңісі!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»