«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қайраттың сегіз ойыншысы Қазақстанның жастар құрамасына шақырылды
Клуб жаңалықтары

Қайраттың сегіз ойыншысы Қазақстанның жастар құрамасына шақырылды

28 августа 2019
/ 11:00

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері (U-21) Александр Москаленко Испания мен Израильдің жастар құрамасына қарсы кездесуге шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады. Оған «сары-қаралардың» 8 ойыншысы кірді.

Испандықтарға және израильдіктерге қарсы ойынға жарияланған қайраттықтардың тізімі :

Қақпашы: Данил Устименко.

Қорғаушы: Нұралы Әліп.

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Адам Агахаджиев.

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет, Вячеслав Швырев.

Алматылықтардың екі өкілі қосалқы тізімге енгізілді: жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астанов пен шабуылшы Артур Шушеначев.

Қазақстан жастар құрамасы Еуропа-2021 чемпионатының іріктеу кезеңі аясында  алғашқы кездесуін 6 қыркүйекте өз алаңында испандық құрдастарына қарсы өткізеді. 10 қыркүйекте қазақстандықтар Израиль жастар құрамасымен күш сынасады.

Сурет: kff.kz

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»