«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» С. П. Квочкин ат. Академиясында балалар командалары арасындағы Алматы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды
Академия жаңалықтары

«Қайраттың» С. П. Квочкин ат. Академиясында балалар командалары арасындағы Алматы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

27 декабря 2018
/ 00:00

«Қайраттың» С. П. Квочкин атындағы Академиясында балалар командалары арасындағы Алматы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Біріншілікке 2003-2009 жылы туған топтары арасында алматылық «Қайрат» Академиясы филиалдарының командалары қатысты. Әр команда өз жастары арасында жүлделі орынға ие болып, «Қайраттың» ромбын абыроймен қорғады.

Жалпы алғанда біздің командалар төрт алтын медаль еншіледі: 2003, 2004, 2007, 2008 жылы туған командалар бірінші орын алды; филиалдың 2008 жылы туғандар арасындағы екінші командасы мен 2009 жылғы команда біріншіліктің күміс медаліне қол жеткізді; 2005, 2006 және 2009 чемпионаттың «қоласын» алды.

Одан бөлек 2007 және 2008 жылы туған балалар өз жастарында қала Кубогын қанжығаларына байлады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»