«Сары-қаралардың» футболшылары команданың бірінші оқу-жаттығу жиынында жаттығуды жалғастыруда. Таңертең «Қайраттың» ойыншылары Hoff test орындады.
Hoff test (Hoff-Helgerud сынағы) доппен орындалады. Футболшылар бірнеше рет айнала отырып, арнайы құрастырылған дриблинг-тректі өтеді. Бұл тест төзімділікті және аэробты жұмыс істеу қабілетін жалпы бағалауға арналған.