«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» ойыншылары Халықаралық матчтар өткізді
Қайрат

«Қайраттың» ойыншылары Халықаралық матчтар өткізді

07 сентября 2019
/ 11:00

«Сары-қаралар» футболшылары Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында өздерінің ұлттық құрамаларына ойнады.

 Үш қайраттықтар- Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат және Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасының негізгі құрамында шықты. Алматылықтардың тағы бір өкілі - Георгий Жуков ойынның 82-ші минутында алаңға шықты. Стас Покатилов пен Айбол Әбікен қосалқы құрамда отырды.

Бауыржан Исламхан мен Ғафуржан Сүйімбаев гол соғылған шабуылға қатысты. «Қайраттың» капитаны Ғафуржанға доп беріп, ал ол өз кезегінде допты айып алаңға, гол соққан  Алексей Щеткинге қарай дәл бағыттады. Кездесу 1:1 тең есеппен аяқталды.

«Қайраттың» қорғаушысы Сергей Политевич Беларусь құрамасының Эстония командасын жеңген жеңісіне қатысты — 1:2. «Сары-қаралардың» қорғаушысы алаңда барлық 90 минутты өткізді.

 Сурет: kff.kz

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»