«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттық» футбол сөресі
Клуб жаңалықтары

«Қайраттық» футбол сөресі

02 октября 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» ойыншысы FIFA 19 футбол симуляторының таныстырылымына қатысты.

«Қайрат» футбол клубы мен Sulpak бренді әлемге әйгілі FIFA 19 футбол симуляторының жыл сайынғы презентациясын жақсы дәстүрге айналдырды. Іс-шараның басталуына дейін көптеген жанкүйерлер мен «Достық Plaza» сауда орталығының қонақтары арасында үлкен қызығушылық тудырды.

«Sulpak» дүкенінің кіреберісіндегі футбол фестивалі Премьер-лиганың 28-ші турының орталық матчы – «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуіне билеттер ұтысойынымен басталды. Жанкүйерлер алматылық клуб тарихы бойынша өз білімдерін тексеріп, конкурсқа белсене қатысты.

Аз уақыттан кейін футболсүйер қауым алдына кештің басты кейіпкерлері – Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин шықты, олар барша қонақтармен амандасып, содан кейін «сары-қара клубтың» жанкүйерлеріне қолтаңбалар беріп, фотосуретке түсті.

Бұл кештің ерекше сәті деп алматылық «Қайраттың» клубтық түстерімен брендталған Sony Playstation 4 консулы мен геймпадының ұтысойыны болды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»