Ньонда Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысы бойынша басты турнирдің бірінші кезеңінде Босния және Герцоговина елінің өкілі «Широки-Бриег» клубы «сары-қараларға» қарсылас болды.
Босниялық клуб екі дүркін ел чемпионы және үш рет Кубок иегерлері атанған. Босния және Герцоговина Премьер-лигасының соңғы маусымында «Широки –Бриег» үшінші орынды иеленді.
Алғашқы матч алматылықтар қонақта, 11 шілде күні өткізеді. Қарымта ойын – «Орталық» алаңда, 18 шілдеде өтеді.