Алматылық «Қайрат» Анталияға жетті, мұнда олар 3 наурызда басталатын маусымға дайындығын жалғастырады.
«Қайратпен» бірге Түркияға 25 футболшы аттанды:
Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт;
Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Александр Соколенко, Сергей Политевич, Раде Дугалич;
Жартылай қорғаушылар: Айбол Әбікен, Исламбек Қуат, Еркебұлан Тұңғышбаев, Магомед Парагульгов, Георгий Жуков, Рифат Нурмугамет, Рамазан Оразов, Бауыржан Исламхан, Конрад Вржещиньский;
Шабуылшылар: Адеринсола Эсеола, Мартон Эппель, Вячеслав Швырев, Самат Сәрсенов.
- Команданың оқу-жаттығу базасында өткен бірінші ОЖЖ-да негізгі мақсаттарымыздың бірі ойыншылармен танысу болды, - дейді «Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевский, - Алдағы жоспарларды тиянақты талқыладық. Осылайша, алға қойылған мақсаттар бойынша жұмыс істеуді бастадық. Қазіргі жиын ойыншылардың жылдамдық, шыдамдылық сапасын жақсартуға бағытталған. Команданың іс-әрекеттерге де көп-көңіл бөлінеді. Философиямыз бен мақсаттарымыздың қандай екенін түсінемін. Жаңа ойыншыларды тез бейімдеуіміз қажет. Қарқынды жұмыс істейміз. Тек жарақаттан аман болуымыз керек.
Оқу-жаттығу жиыны аясында екі жолдастық матч жоспарланған:
30.01.2019. «Қайрат» - «Чайка» (Песчанокопское, Ресей)
01.02.2019. «Қайрат» - «Вележ» (Мостар, Босния және Герцеговина)
«Қайрат» екінші ойыннан кейінгі күні Алматыға оралады. Келесі оқу-жаттығу жиыны 6-23 ақпан арасында өтеді.