Үш жас ойыншы «Қайрат» сапында дебютін өткізді.
Алматылық «Қайратқа» осы сәрсенбідегі кубоктық матчында көкшетаулық «Оқжетпес» қарсылас атанды. Бірден үш жас ойыншы «сары-қара» түстілер сапында дебютін өткізді: Әлібек Қасым, Акмаль Бахтияров пен Рамазан Оразов.
Осылайша, жас қайраттықтар үшін көкшетаулық клубқа қарсы жеңісті матчы негізгі командадағы алғашқы ойын болды.
Құттықтаймыз!