Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалы халықаралық турниріне дайындалып жатыр. Жасөспірімдердің оқу-жаттығу жиыны Талғарда өтуде.
Футболшылардың дайындығы 21 тамызда спорт базасында басталған. Енді 28 тамызда олар турнирге қатысу үшін Сан-Петерборға аттанады. Құрамаға алматылық «Қайраттың» Академиясынан бес тәрбиеленуші шақыртылды: қақпашыДанил Устименко, жартылай қорғаушылар Федор Неумывакин, Арыстан Мұқашев, Андрей Ульшин, сондай-ақ шабуылшы Савелий Глазунов.