«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайраттың» бес ойыншысы турдың үздіктер құрамасында
Қайрат

«Қайраттың» бес ойыншысы турдың үздіктер құрамасында

02 июля 2019
/ 11:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 16-турдың үздік футболисттерін жариялады.  Уздік құрамаға «Қайраттың» бес ойыншысы кірді. Олар:Стас Покатилов, Гафуржан Суюнбаев, Раде Дугалич, Айбол Абикен және де Бауыржан Исламхан.

Стас Покатилов екінші рет турдың уздік қақпашысы атанды.

Екі үздіктердің шайқасында «Қайраттықтардың» жеңіске жетуіне команда голкиперінің батыл әрекеттері де мол үлесін  қосты. Покатилов 4 соққыға тойтарыс беріп, сонша рет команданы қақпа сыртындағы қауіпті сәттерден құтқарды (100% көрсеткіш). Әрекет индексі-262.

Құраманың үздік қорғаушысы қатарына Гафуржан Суюнбаев және Раде Дугалич кірді.

«Гафуржан Суюнбаев мобильді Томасқа тойтарыс берумен қатар өз командасының   шабуылдарына да үлес қосты. Алматылық сол жақ қорғаушысы күрестің 65% жеңіп, 5 мәрте сәтті қайтаруға, 15 рет допты қағып әкетуге қатысып, 12 іріктеу, 5 рет  астаналықтардың айып алаңына доп бағыттап, 71% дәл пас жинады.  Әрекет индексі-258».

«Астанамен ойынның ең алғашқы минуттарынан бастап Раде Дугалич қарсыластардың шабуылшыларын қақпа алдына жақындауына  мүмкүндік бермей, шайқастан бас ажыратпады. Оның есебінде бір гол, 78% дәл пас, 78% сәтті күрес, 4 жеңіс «екінші қабаттағы» және де 13 іріктеу. 14 рет допты қағып әкетудің арқасында ол осы компонентте  турдың үздігі атанды. Әрекет индексі-295».

Үздік төрттік жартылай қорғаушылар қатарына Айбол Абикен және Бауыржан Исламхан кірді.

«Қағидатты қарсыластың шабуылын жойқындаушы, «Қайраттың» жас жартылай қорғаушысы өз міндеттерін екі есе орындап, жарқын гол соқты. 88% дәл пас, 13 іріктеу, 8 рет қағып әкету және де 3 фол. Әрекет индексі-276».

«Турдың орта беліндегі шайқаста Исламхан ерекше белсенділік танытты. Өзінің әріптестеріне қолайлы сәттер туғызып, керек кезде алматылықтардың шабуылдарын жалғастырды. Ойынның үздік сәті Исламханның бұрыштамадан берген голдық пасы болды. Тұстамадан берген екі соққы, «Астаналықтардың» қақпасына  дәл көзделген 4 соққы және де 14 іріктеу. Әрекет индексі-270».

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»