Бүгін швейцариялық Ньонда Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Ықтимал қарсыластарымыздың саны алты клубқа дейін қысқарады.
Жеребе тарту рәсіміне қатысушылар маусым басынан көрсеткен рейтингке байланысты және УЕФА клубының конкурстық комиссиясы бекіткен қағидаларға сәйкес топтарға жіктеліп, себеттерге бөлінді.
Осылайша, 94 команда 10 клубтан жеті топқа және 12 клубтан құралған екі топқа жіктелді. «Сары-қаралар» жетінші топқа түсті. «Қайраттың» алты ықтимал қарсыластары: «Теута» (Албания), «Широки Бриег» (Босния и Герцеговина), «Дунайска Стреда» (Словакия), «Кауно Жальгирис» (Литва) және «Ла Фиорита» (Сан-Марино) – «Энгордани» (Андорра) кездесуінің жеңімпазы.
Еске сала кетейік, «Теута» және «Энгордани» клубтарымен қайраттықтар Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында кездескен болатын.