«Қайраттың» бірден алты футболшысы алматылық команда сапында еурокубокта дебюттерін өткізді. Еуропа лигасының іріктеуіндегі «Энгорданиге» қарсы алғашқы матч Вячеслав Швырев, Нұралы Әліп, Александр Соколенко, Адеринсола Эсеола, Хуан Фелипе және Мартон Эппель үшін сары-қаралар сапында еуропалық турнирлердегі бірінші ойын болды.
Естеріңізге салсақ, Вагнердің автоголы мен Исламхан және Эппельдің голдары арқасында «Қайрат» қарсыласын тас-талқан еткен болатын – 3:0.