«Сары-қаралар» командасының 18 ойыншысы құрама командаларына шақырту алды. Ең көп шақырту клубқа Қазақстан ұлттық командасының штабынан келді.
Елдің бас командасының өз алаңдағы Кипр мен Бельгия құрамаларына қарсы Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу матчтарына: қақпашы Стас Покатилов; қорғаушылар Нұралы Әліп пен Гафуржан Суюмбаев; жартылай қорғаушылар Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан және Исламбек Қуат шақырылды. Голкипер Владимир Плотников резервтегі ойыншылардың қатарына кірді.
Біздің клубтың жеті футболшысы U-21 Қазақстан құрамасының Еуропа-2021 чемпионатының македониялық құрдастарына қарсы іріктеу матчына шақырылды. Шақырылғандар қатарында: қақпашы Данил Устименко, қорғаушы Мади Айтөре; жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов және Адам Адахаджиев; шабуылшылар: Вячеслав Швырев, Еркебұлан Сейдахмет, Артур Шушеначев.
«Қайраттың» тағы үш ойыншысы өз құрамаларына шақырту алды. Жартылай қорғаушы Хан Чжон-Ву Оңтүстік Кореяның (U-22) жастар құрамасына өзбекстандық құрдастарына қарсы жолдастық кездесуге шақырылды. Сергей Политевич Беларусь құрамасына Эстония мен Нидерландыға қарсы Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу ойындарына шақырылды. Хавбек Небойша Косович Черногорияның ұлттық құрамасына Болгария мен Косово командаларына қарсы кездесуге шақырту алды.
сурет: kff.kz