«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» жолдастық матчта «Жетісу-Б» командасын ұтты
Қайрат

«Қайрат» жолдастық матчта «Жетісу-Б» командасын ұтты

23 марта 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК оқу-жаттығу базасында «сары-қаралар» мен талдықорғандық «Жетісу-Б» арасында матч өтті.

«Қайрат» сапында резервтегі үш ойыншы шықты: Мәди Айтөре, Адам Адахаджиев пен Сұлтанбек Астанов, олар қазір «Қайрат-Жастарда» ойнап жүр. Астанов үшін негізгі құрамда шығу керемет сыйлық болды, себебі бүгін оның туған күні. Ал «Жетісу-Б» құрамында негізгі команданың үш футболшысы өнер көрсетті.

Бірінші тайм «сары-қаралардың» үлкен басымдығымен өтті. 19-минутта қайраттықтар тамаша шабуыл жасаған, ол Рифат Нұрмағаметтің жойқын соққысымен аяқталды. Өкінішке қарай, доп бағананың қасынан өтті. 28-минутта Алексей Шпилевский шәкірттері қарымта шабуыл ұйымдастырды: Дино Миканович оң қапталдан өтіп, Конрад Вржещиньскийге пас пасырған, соңғысы допты Еркебұлан Тұңғышбаевқа қалдырды. Бірақ Еркебұланның соққысы қақпадан сәл қиыс кетті. Бір минуттан соң Сұлтанбек Астанов та есепті ашатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Оның алыс бұрышқа жасаған соққысын талдықорғандықтардың қақпашысы алып шықты. Командалар үзіліске кетер тұста Нұрмұғамет тағы бір мүмкіндікті жіберіп алды.

Екінші таймда «сары-қаралар» сапында ойыншылар алмасты. Бірінші таймда ойнаған Владимир Плотниковтың орнына Дінмұхамед Жомарт шықты, Раде Дугаличтің орнында Ұлан Өтешев ойнады. Сонымен қатар, алаңға тыңнан Сергей Кейлер, Мартон Эппель, сондай-ақ Андрей Ульшин шықты. Негізгі команданың бапкерлік штабы жас қайраттықтарға мүмкіндік берді. Екінші таймның басында «Қайрат-Жастардың» вице-капитаны Ұлан Өтешев матчтағы жалғыз голды соқты. Стандарттық шабуылдан соң Ұлан  допты баспен талдықорғандықтар қақпасында тулатты.

Соңғы ысқырыққа дейін алматылықтарды есепті еселетін мүмкіндік болғанымен, таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. 1:0 – «Қайрат» ойыншылары жеңіске жетті.

Алексей Шпилевский, «Қайраттың» бас бапкері: «Бірінші тайм қарқынды болды. Маған матчтың бірінші жартысы қатты ұнады. Осы аптада жаттығуда дайындағандарымыздың бәрі орындалды. Бұл апта жемісті болды. Оны жеңіспен аяқтағымыз келген, жеңіске жеттік. «Қайрат-Жастардың» ойыншыларына мүмкіндік бердік. Олар негізгі командамен бірге жаттығу жасады, бүгін көбі ойнауға мүмкіндік алды. Екінші таймда қарсылас бізге көп аймақ берді, пайдалана алмағанымыз өкінішті. Қарсылас шаршады, бізде де баяу ойнаған сәттер болды. Маңыздысы гол жібермедік, қорғаныс жинақы ойнады. Жаттығу аптасын тамаша аяқтадық». 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»