Алматылық «Қайрат» Түркияға жетті, бұл елде биылғы үшінші оқу-жаттығу жиыны өтеді. Естеріңізге салсақ, қазіргі ОЖЖ 6 ақпанда Алматыда басталған болатын. Оның шетелдік кезеңі 23 ақпанға дейін жалғасады.
Стамбулдан Антальяға дейінгі авиарейстің кешігуі «Қайраттың» түркиялық жағалауға дейінгі ұзақ сапарын одан сайын ұзартып жіберді. Соған қарамастан, діттеген жерге келген соң команда алаңға жаттығу жасауға шықты. Дегене жасалған жаттығулар қажытқан сапардан кейінгі шаршауларын басты.
Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК аға бапкері:
«Команда ішіндегі өзара әрекеттесу бойынша жұмысымызды жалғастырамыз. Түркияға аттанардың алдында өз базамызда дайындалдық, мұнда ойыншылар жаңа тактикалық жүйемен танысты. Енді сол бастаманы аяқтап, сол ерекшелікті толық меңгеруіміз керек. Кейін сол үйренгенімізді жолдастық матчтарда байқап көреміз. Әрине, бұған дейін меңгерілген ойын үлгілерін де қарастырдық. Біз қарсылас үшін әр түрлі ойын көрсетіп, өз футболымызды болжауға келмейтіндей қыламыз. Өзіміздің турнирлік философиямыздың қағидаларынан бас тартпаймыз. Жиі шабуылдап, қысым жасап, жылдам ойнауға тырысамыз.
Түркияға ұшардың алдында бапкерлік штабпен жиналыс болды. Алқалы шешімдер қабылдадық. Аралық нәтижелерді қорытындыладық. Жалпы алғанда, көңіліміз толады. Футболшылар үлкен көлемде жұмыс атқарды. Жаттығуларда бар күштерін салады. Үлкен жүктемені дұрыс қабылдайды. Маусымға өз кестемізге сай дайындалып жатқанымыз қуантады.
Алда маңызды төрт жолдастық кездесу бар. Футболшылар ойынды аңсап жүргендері байқалады. Ешкімді матчқа қосымша жігерлендірудің керегі жоқ. Эмоциялық дайындық жоғары. Ресмимаусымның алғашқы матчында Суперкубок үшін матч өткіземіз. Бәсте беделді жүлде тұр. Бұл қиын матч болмақ, бірақ бізде жасқаншақтық жоқ. Жігіттер ойынды жеңіп алуды қалап отыр. Жеңіске жетуге міндеттіміз. Ссол үшін бар күшімізді саламыз.»