«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат-Жастар» және «Екібастұз» теңде-тең есеппен тарқасты
Қайрат-Жастар

«Қайрат-Жастар» және «Екібастұз» теңде-тең есеппен тарқасты

10 августа 2019
/ 11:00

 «Қайрат-Жастар» өз алаңында «Екібастұзды» жеңе алмады. Александр Арефьевтің қарамағындағылар үлкен басымдылыққа ие болса да, өздерінің мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Т.С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК Академиясының алаңында өткен Бірінші лиганың 16-шы туры қожайындардың шабулымен басталды. «Қайрат-Жастар» қапталдарды жақсы пайдаланып, айып доптарына қол жеткізді. Нурдалиевтың жоғарыдан берген пасын команданың үздік бомбардирі Артур Шушеначев соғып, бірақ шабуылшы «тоғыздыққа» тигізе алмады. Өткен турдың ең пайдалы ойыншысының мықтылығы мен бойын пайдаланғысы келген Әліби Тұзақбаев қарсыласты айналып өтіп, допты Артурдың басына көтерді. Өкінішке орай, форвардтың соққысы қақпаның  үстінен асып түсті. Қонақтар болса алыстан бағыттаған тура емес соққылармен ғана жауап қайтарды. Нәтижесінде «Екібастұздықтарда» гол соғатын сәттер пайда болды, бірақ жақында ғана өзінің 19 жасын атап өткен Данил Устименконың басшылығындағы «сары-қаралар» қателіксіз әрекет етті.

Үзілістен кейін «Қайрат-Жастар» қарсыластардың қақпасында өз бағын іздеуді жалғастырды. Екінші таймның басында ойынға кірген Дамир Битусупов, Рауан Аманжол ерекше гол соғуға талпынды. Соңғысының команданы алға шығаруға тамаша мүмкіндігі болды, бірақ оның соққысынан кейін доп қорғаушыға тиіп, қақпаның жанынан өтіп кетті. Кейін де алматылықтар гол соғатын сәттер жасады, бірақ доп қырсық қонақтардың қақпасына кіргісі келмеді.

 Екінші таймға берілген қосымша уақытта керемет айып добын орындаған Адам Адахаджиевтың ерекшеленетін мүмкіндігі болды. Өкінішке орай, дұрыс бағытпен келе жатқан доп, қақпаның жоғарғы жағына тиді. Адам алыстағы «тоғыздықты» көздеген еді. Дмитрий Быстровтың финалдық ысқырығы голсыз теңде-тең есепті белгіледі. 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»