«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат-Жастар» «Краснодар-М» командасын жеңді
Қайрат-Жастар

«Қайрат-Жастар» «Краснодар-М» командасын жеңді

16 февраля 2020
/ 12:00

«Қайрат-Жастар» түркиядағы оқу-жаттығу жиынында екінші жеңіске қол жеткізді. Кирилл Моруновтың командасы «Краснодар-М» командасын 3:2 есебімен жеңді.

Осы жолы «Қайрат-Жастардың» қарсыласы ретінде «Краснодар» жастар командасы өнер көрсетті. Яғни алматылықтар құрдастарымен ойнады. Ұжымдар бұрын бір-бірімен кездескендіктен, сондықтан да ойын барлаусыз басталды. 8-ші минутта-ақ Байжан Мадельхан есепті ашты. «Сары-қаралар» допты қарсыластан алып қойып, жылдам шабуыл жасады. Ғалымжан Кенжебек қапталмен өтіп, орталыққа жылжып, серіктесіне пас беріп, серіктесі мықты соққымен «алыстағы» тоғыздықты бағындырды.

Сәттілік толқынында алматылықтар жиі алға жылжып, қарсыластарын қателесуге мәжбүр етті, сондықтан да Роман Сафроновтың қақпасының алдында  гол соғатын сәттер жиі пайда болды. Бірнеше рет соққы жасайтын позицияға шыққан Кенжебекте есепті ұлғайтатын мүмкіндік болды. Үзіліске командалар 2:0 есебімен шықты. «Сары-қаралар» тағы да прессингті күшейтіп, допты тартып алып, қапталмен шабуылдар ұйымдастырды. Дархан Меделхан пасты айып алаңына қарай баыттап, оны Ғалымжан Кенжебек дәл соққымен аяқтады.

Үзілістен кейін Кирилл Морунов команданың жас ойыншыларына өздерін көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл қарсыластың екі гол соғуына әкелді. Бірінші таймдағы артықшылық краснодарлықтардың екі сәтті шабуылының арқасында жойылды. 75-ші минутта таблодағы есеп 2:2 болды.

Жеңіске деген құштарлық «Қайрат-Жастарға» матчта жеңіске жетуге көмектесті. Екінші таймның соңына төрт минут қалғанда Айбар Абдулла қорықпай қарсыластың айып алаңына үш қарсыласқа қарсы шабуыл жасап, оны қарсылас рұқсат етілмеген тәсілмен тоқтатты. Пенальтиді орындауда Ұлықбек Хайтмұратов мүлт кетпеді. 3:2 – Кирилл  Моруновтың командасы қатарынан екінші рет жеңіске жетті.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»