«Қайрат-Жастардың» оқу-жаттығу жиындары жалғасып жатыр. Алдағы маусымда алматылық команданың фарм-клубы Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының біріншілігінде бақ сынайды.
Ресми турнирлердің алдында жасөспірім ойыншылар бірнеше халықаралық жолдастық матчтар өткізеді.
Ертең, 10 ақпанда «Қайрат-Жастар» бухаресттік «Рапидтің» жастар құрамасымен күш сынасады. Ойын Түркияда өтеді, қайраттықтардың жас ойыншылары осында жаттығып жатыр.
Бұл «Қайрат-Жастардың» жиындағы алғашқы матчы болмақ, жалпы алғанда төрт ойын жоспарланған. Румыниялық командаға қарсы кездесуден кейін Александр Арефьев шәкірттері Дания астанасының намысын қорғайтын «Академикс Болдклуб Гладсаксе» клубымен ойнайды. Скандинавиялық жасөспірім ойыншылармен матч 13 ақпанда өтеді.
17 ақпанда «Қайрат-Жастар» поскеңестік аймақта танымал ресейлік Самара қаласының өкілі «Крылья Советов» командасының дублімен күш сынасады. Ал 20 ақпанда сербиялық Биело-Поле қаласының «Единства» клубының резервшілерімен ойын болады деп жоспарланған.
- Қарсыласты егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз, - деді «Қайрат-Жастар» бапкері Александр Арефьев. – Оларға қарсы ойындарға нұсқаулар қоямыз. Жылдам әрі шабуылдаушы, басымдықта болатын футбол көрсетуді жоспарлап отырмыз. Көптеген титулы бар команданың негізгі құрамына кандидаттар дайындап жатырмыз, сондықтан нақты ойын қағидалары да болуы тиіс. Көптеген тәрбиеленушілеріміз Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бапкерлік штабының көзіне түсті. Жақын арада олар жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаттарының іріктеу кезеңдерінде еліміздің намысын қорғайды. Оларға тұрақты ойынмен қатар, халықаралық тәжірибе де өте маңызды екені айқын.