«Қайраттың» жаңа ойыншысы Гулжигит Алыкулов ойнап кеткен «Алга-Бишкек» командасы Алматылықтардың қарсыласы болды.
«Қайрат-Жастар» клуб базасында өткізіліп жатқан ОЖЖ аясында әртүрлі құраммен екі матч өткізді. Естеріңізге сала кетейік, «Қайраттың» екінші ОЖЖ-нан оралған қорғаушылар Иван Сизов және Дамир Касабулат Кирилл Моруновтың командасына қосылды. Екі қорғаушы да «Легияға», киевтік «Динамоға» және «Лудогорцке» қарсы матчтарға қатысты.
Бірінші матчта «сары-қаралар» «Бішкектен» келген қонақтарды 3:2 есебімен жеңді. Бірінші таймның өзінде алматылықтар басымдыққа ие болып, командалар үзіліске 3:0 есебімен кетті. Үзілістен кейін Морунов бірнеше жас футболшыларға ойнауға мүмкіндік беріп, сегіз ауысу жасады. Осының арқасында қарсыластар біздің қақпаның алдында екі мүмкіндікті іске асырды. Нәтижесінде матч 3:2 есебімен «Қайрат-Жастардың» жеңісімен аяқталды.
Екінші ойында Кирилл Морунов командасы қарсыластардың қақпасына үш гол соғып, қайтадан бірінші таймды басымдықпен өткізді. «Алга-Бишкек» бұған тек бір голмен жауап қайтара алды. Осылайша екінші матч 3:1 есебімен «сары-қаралардың» жеңісімен аяқталды.