«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» «Зенитке» 3:1 есебімен есе жіберді
Қайрат

«Қайрат» «Зенитке» 3:1 есебімен есе жіберді

17 февраля 2020
/ 12:00

«Зенит» (Санкт-Петербург) – «Қайрат» (Алматы) - 3:1 (1:1)

Голдар: 0:1 Малком (25'), 1:1 Тұңғышбаев (34'), Сантос (67'), Азмун (68')

«Зенит»: Лунев — Дуглас Сантос, Ракицкий, Иванович (К), Караваев — Сутормин, Барриос, Оздоев, Малком — Дзюба, Азмун.

Қосалқы құрам: Кержаков, Воробьев, Сергеев, Кравцов.

«Қайрат»: Покатилов — Миканович, Әліп, Дугалич, Сүйімбаев (К) — Әбікен, Гуральский, Косович, Вржещинский — Эсеола, Аймбетов.

Қосалқы құрам: Устименко, Тұзақбаев, Оганесян, Астанов, Әлімжан, Адахаджиев, Үсенов, Тұңғышбаев.

«Сары-қаралардың» бастапқы құрамынды бірінші секундтан бастап Покатилов, Миканович, Әліп, Дугалич, Сүйімбаев, Әбікен, Гуральский, Косович, Вржещинский, Эсеола, Аймбетов әрекет етті.

Ойын «Қайраттың» шабуылынан басталды. Петербургтік команда өз қақпаларына қарай шегініп, алматылықтардың қарқынына әрең төтеп беріп жатты. «Зенит» жылдам шабуылдарға үлгермей, ойын тәртібін бұзуға  мәжбүр болды. Бұл 8-ші минутта ойыншының алаңнан қуылуына әкелді. Төреші соққы жасауға ұмтылған Абат Айымбетовты қағып кеткені үшін Магомед Оздоевті алаңнан қуды. «Қайраттың» шабуылшысы Андрей Луневпен бірге-бір шықты. Матч жолдастық кездесу болғандықтан, зениттіктерге Оздоевті «Зенит» ойыншысы-2 Дмитрий Сергеевке ауыстыруға мүмкіндік берілді. Бір минуттан кейін Айбол Әбікен айып добын орындаған кезде қарсыластың қақпашысы шеберлік танытты. Жартылай қорғаушының соққысы керемет болды, бірақ Лунев өз қақпасын құтқара алды.

Ойыншының алаңнан қуылғанына он минут өткен соң «сары-қараларға» амалсыз ойыншы ауыстыруға тура келді. Барриос Эсеоланың соққысын бұғаттап, оған зақым келтіріп, шабуылшыға ойынды жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Эсеоланың орнына Тұңғышбаев алаңға шықты. Еркебұлан ойынға жақсы араласып, бапкерге сенім артқаны үшін алғысын білдірді. 34-ші минутта ол Дино Микановичтің жоғарыдан берген пасын баспен қақпаға керемет соқты – 1:1.

Екінші таймның алғашқы минуттары «Қайрат» футболшыларының еш шегінбейтінін көрсетті. Бүгін өзінің 32-ші туған күнін тойлап жатқан Алексей Шпилевскийдің командасы зенитшілерді тағы да қорғаныста ойнауға мәжбүрледі. Бірінші жартысында қуылған Магомед Оздоев қайтадан алаңға шығып, Косович, Гуральский және Әбікен әрекет етіп жатқан алаң ортасына сенімділік қосты. 

Қайратшылар жиі шабуыл жасап, стандарттар тапты. Стандарттардың бірінде Әліп «тоғыздыққа» керемет соққы жасап, өкінішке орай, доп сәл қақпадан жоғары өтті. Әліптің жасай алмағанын Дуглас Сантос жасады. Сирек шабуылдардың бірінде питерліктер айып добын тауып, Сантос Покатиловтың қақпасының жоғарғы бұрышына допты қолмен лақтыра салғандай  болды.

 Жіберілген гол алматылықтардың көңілін түсіріп, олар тағы бір голды жіберіп алды. Гуральский допты жоғалтып алып, Дзюба Азмунға пас беріп,  ол үшінші голды оңай соқты. Өкінішке орай, секундтық босаңсу голға әкелді.

Матч соңына дейін қайраттықтарда есепті қысқартуға ғана емес, жеңіске жетуге де мүмкіндік болды. Команда тәлімгері Астановқа, Адахаджиевке, Үсеновке, Шушеначевқа ойнауға мүмкіндік берді.  Барлық аталған ойыншылар барын салды, бірақ Ресей чемпиондарының тәжірибесі басым болды. Ақтық ысқырық «Зенит» командасының 3:1 есебімен жеңісін белгіледі.


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»