«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» - «Зенит»: кездесулер тарихы
Қайрат

«Қайрат» - «Зенит»: кездесулер тарихы

05 сентября 2018
/ 00:00

Тәуелсіздік жылдары «Қайрат» пен «Зенит» өзара ресми ойын өткізбеген. Алайда бұл кеңес дәуіренен бері қос команда арасындағы тарихты жоққа шығара алмайды.

13 қыркүйек күні «Қайрат» пен «Зенит» командаларының алғаш рет кездескеніне 58 жыл толады. Алматының орталық стадионында өткен тартысты ойында алаң қожайындары 1:0 есебімен жеңіліс тапқан. «А Классында» өнер көрсететін қос команда екінші айналымда тағы бір рет кездескен. Бұл жолы да «Зенит» ойыншыларының мерейі үстем болды.

Алматы мен Петербург командалары өзара 57 мәрте кездескен екен. Оның 17-сінде халық командасы жеңіске жетсе, 20 ойында ресейлік клубтың мерейі үстем болған. Сондай-ақ, 20 ойын тең өткен. Алматылық команда қарсыласының қақпасына 59 гол соқса, «Зенит» футболшылары 70 мәрте дәл болған. «Қайрат» тарихындағы ең ірі жеңіске 1971 жылы жеткен. Алматыда өткен ойында алаң қожайындары 3:1 есебімен ұтты.

Ең тартысты кездесу арада алты жыл өткенде тіркелді. Алматыдағы матчта жалпы саны 7 гол соғылған. Есеп 4:3, алаң иелерінің пайдасына.

Ал соңғы рет «Қайрат» пен «Зенит» 1991 жылы кездескен. 27 жыл үзілістен соң қос команда қайта күш сынасады. 9 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласында өтетін ойында жаңа ғасырдың «Қайраты» мен «Зениті» кездеспек.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»