«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» өз алаңында ұтылып қалды
Қайрат

«Қайрат» өз алаңында ұтылып қалды

24 июня 2018
/ 00:00

«Қайрат» өз алаңында сүрінді.

«Қайрат» - «Астана» - 1:2

Голдар: Қуат, 30 – Деспотович, 45+2, Мұртазаев, 89

«Қайрат»:Стас Покатилов (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Акош Элек, Шелдон Бато, Ян Вороговский (Швырев, 90+4), Хуан Фелипе, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан (К) (Жуков, 83) - Исаэль Барбоза, Иво Иличевич (Уго, 74), Андрей Аршавин.

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ) - Айбол Әбікен, Нұралы Әліп, Александр Соколенко, Станислав Лунин - Магомед Парагульгов

«Астана»: Ненад Эрич (Қ) (К) - Игорь Шитов, Евгений Постников, Марин Аничич, Дмитрий Шомко - Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Бактиёр Зайнутдинов (Мужиков, 72) - Марин Томасов, Роман Мұртазаев (Бейсебеков, 90+4), Джордже Деспотович.

Қосалқы құрамАлександр Мокин (Қ), Станислав Павлов (Қ) - Сергей Малый, Юрий Логвиненко - Юрий Перцух, Марко Станоевич - Алексей Щеткин

«Қайрат» екі астананың кезекті дербиінде матчты белсенді бастады. Алматылықтар ойынның бірінші минутынан-ақ қысым жасап, «Астананың» айып алаңында қауіп төндірді.

Матчтың екінші минутында Фелипе алыстан соққы жасады – Ненад Эрич допты маңдайшаның астынан алып шықты. Бірінші таймның ортасында ойын саябырланып, алаң ортасында күрес көп жүрді.

Матчтың 30-минутында Исламбек Қуат алыстан соққы бағыттап көрген – жойқын ұшқан доп Эрич қақпасының тоғыздығынан табылды – 1:0.

Бірақ қосымша уаөытта алыс бағанаға асырылған допты Деспотович қақпаға енгізіп, таразы басын теңестірді – 1:1. Командалар үзіліске тең есеппен кетті.

Матчтың екінші жартысында ойын қайта қарқын ала бастады. Иличевич ойын тәртібін бұзған соң «Астананың» жарты алаңында футболшылар арасында қақтығыс болған, нәтижесінде Хуан Фелипе мен Иван Маевский сары қағаздан алды.

Кездесудің аяғына таман Роман Мұртазаев Исламбек Қуаттың стилінде гол соғып, өз командасын алға шығарды – 1:2.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»