«Қайрат» атыраулық қонақтармен ойында жанкүйерлерін қобалжытқанымен, мінезін танытып, жеңіске жетті.
«Қайрат» - «Атырау» - 4:2
Голдар: Соколенко, 16, Аршавин, 71, Эсеола, 73, 90+2 – Аденидже, 46, 55
«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Александр Соколенко, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев (65, Вороговский) - Георгий Жуков (59, Аршавин), Акош Элек (59, Қуат), Бауыржан Исламхан (К) - Исаэль Барбоза, Мартон Эппель, Адеринсола Эсеола.
Резерв: Владимир Плотников (Қ) - Айбол Әбікен, Станислав Лунин - Хуан Фелип, Иво Иличевич.
«Атырау»: Владимир Логиновский (Қ) - Юре Обшивач, Ризван Аблитаров, Қуаныш Қалмұратов, Эльдар Әбдірахманов - Эдуард Сергиенко (К), Алтынбек Сапаров, Юрий Перцух, Джозеф Нейн - Аденидже Бабатунде, Предраг Сикимич.
Резерв: Андрей Пасеченко (Қ) - Томислав Барбарич - Айбар Нұрыбеков, Новица Максимович, Даурен Қайраллиев, Дидар Жалмұқан - Алексей Родионов.
Ойын Александр Соколенконың жылдам голымен басталды, бірақ артынша матчтың бірінші жартысында гол соғылған жоқ. Өз мүмкіндіктеріне қарамастан, алаң иелері «мұнайшылардың» қорғанысын ұзақ уақыт бойы бұза алмады.
Матчтың екінші жартысы «Қайрат» үшін сәтсіз басталды: Бабатунде Покатилов қақпасынан саңтау тапты – 1:1. Көп ұзамай, Аденидже дубль жасап, өз командасын алға шығарды.
«Қайрат» бірден ойыншыларын алмастырып, алаңға Андрей Аршавин мен Исламбек Қуатты шығарған. Карлос Алостың бұл шешімі өз жемісін алып келді. Ресейлік ойыншы келесі голдарда маңызды рөл атқарды: алдымен ол есепті теңестірсе, кейін Эсеолаға нәтижелі пас берген, соңғысы бос қақпаны дәл көздеді.
Кездесу аяғында украиналық шабуылшы тағы бір гол соқты – 4:2. «Қайрат» атыраулықтармен ойында ауыр жеңіске қол жеткізді.