«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» - «Қызыл-Жар СК»: Sports.kz-тен аңдатпа
Қайрат

«Қайрат» - «Қызыл-Жар СК»: Sports.kz-тен аңдатпа

11 марта 2018
/ 00:00

2018 жылғы футбол маусымы Алматыда «Қайрат» пен «Қызыл-Жар СК» матчымен басталады. Былтырғы Премьер-лига турнирінің екінші командасы төменгі дивизионда сол орынды еншілеген командамен кездеседі.

Мұнда кімнің мықты екені анық секілді көрінеді – алаң иелері айқын фаворит саналады. Расымен де, солай. Алайда біз білетіндей көктемгі футболда тосын-сый көп болады. Мұнда кез келген нәтижені көруіміз мүмкін.

Әрине, солтүстікқазақстандықтар ҚПЛ-да сегіз жылдан бері ойнамағандықтан, Қазақстанның жоғары дивизионындағы мықты командалардың бірімен кездесіп, алғашқы турдан-ақ ұпай алғысы келетіні анық. Оның үстіне, сырт алаңда. Егер петропавлдық командада сәл ғана мүмкіндік болса, дивизионның жаңа командасы соны пайдаланып қалуға тырысады. Осылайша, алматылықтардың мақсаты – солтүстіктен келген қонақтарды орнына қою. Өз жанкүйерлерінің сеніміне кіру үшін – матч басында солай істегені дұрыс.

Оңтүстік астанада петропавлдық қонақтар бас назарын өз қорғанысына бөлетіні жасырын емес. Бұл тұрғыда Карлос Алос бар ойын артқы шепке жұмсап жүрген командаға қалай қабуылдайтыны қызық болып тұр. Солтүстіктен келген команда «Қайраттан» не күтуге болатынын жақсы біледі, сондықтан, испаниялық маманға күтпеген тосынсыйлардан бас тартқан жөн емес. Оның үстіне, «Қызыл-Жар СК» «Қайраттың» бапкері үшін ғана емес, барлық команда үшін де жұмбақ ұжым болады. Бұл жұмбық ұжымның қалай өнер көрсететіні әзірше белгісіз.

Маусымның алғашқы алматылық матчы, әрине, оңтүстік астанада футболсүйер қауым арасында үлкен қызығушылық тудыратыны анық – Қазақстанның басқа бес қаласында да солай болмақ, жексенбіде 2018 жылғы ҚПЛ-дың алғашқы матчтары өтеді. Алғашқы жекпе-жектердің алдында негізгі ұлттық дивизионның қатысушылары тең деңгейде. Уақыт өте келе олар өздерінің неге татитынын футбол алаңында көрсетуі тиіс. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»