Назарларыңызға матчтардың статистикасын ұсынамыз.
Соңғы рет екі ұдым 2009 жылы кездескен – сол кезде «Қызыл-Жар СК» «Қайратты» 1:0 есебімен ұтқан еді. Бұл командалар өзара 25 матч өткізген: алматылықтар 11 матчта жеңіске жетсе, 9 рет петропавлдықтар ұтқан, 5 кездесуде жеңімпаз анықталмады.
«Сары-қара түстілер» бұл матчтарда 35 гол соқса, өз қақпасына 25 доп жіберген. Ең ірі жеңіс «Қайраттың» еншісінде: екі мыңыншы жылдардың басында алматылықтар сол кездегі «Аксесс-Голден Грейнді» Қазақстан кубогының финалында 5:0 есебімен тас-талқан еткен болатын.
«Қайрат» «Қызыл-Жармен» өзара кездесулерде 38 ұпай жинаған, ал қарсыласта 32 ұпай бар.