«Қайрат» футбол клубы өзінің түлегі, 22 жастағы шабуылшы Вячеслав Швыревпен келісімшарт ұзартқанын хабарлайды.
Жаңа келісім 2024 жылдың соңына дейін жасалған.
Биылғы маусымда Швырев «сары-қаралар» сапында 23 матч өткізіп, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Вячеславты жаңа келісімшартқа отырғанын құттықтап, оған алдағы уақытта дамып, биіктен көріне беруін және командамен жаңа жетістікке жетуін тілейміз!