«Қайрат» ФК Академиясының директоры және балалар-жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі қызметін неміс маманы Вольфганг Гейгер атқарады.
Вольфганг Гейгер – өз отанында танымал маман. 61 жастағы функционер Бундеслиганың жетекші клубтарында еңбек еткен. Бапкерлік мансабын «Штутгарт» Академиясында ересек топтардың бас бапкері қызметінде бастаған, артынша өзін «Хоффенхайм», «Аусбург» және «Кельн» футбол клубтарында жақсы қырынан көрсетті.
Оның соңғы жұмысы Германияның жетекші клубы «РБ Лейпциг» болды, 2012 жылдан бері Гейгер Академияның дамуы мен талантты футболшыларды іздеумен айналысты.
Вольфгангпен еңбек келісімі үш жылға жасалды.