2001 жылы туған «Қайрат» ФК Академиясының тәрбиеленушілері Қазақстан Кубогын жеңіп алды. «Сары-қаралар» финалда оралдық «Ақжайық» командасын жеңді.
Премьер-Лига және Бірінші лига клубтарының футбол орталықтары мен академиялары арасында футболдан 2001 жылы туған балалар арасында ҚР Кубогының финалдық кезеңі аяқталды.
Соңғы кезең аясында қайраттықтар «Жетісуды» 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, содан кейін пенальти сериясында «Тобылды» (пенальтиден 1:1, 4:2) жеңді, «Шахтерден» (3:0) басым түсті. Турнирдің шешуші матчында біздің тәрбиеленушілеріміз «Ақжайықты» 3:0 есебімен сенімді жеңді.