«Қайрат» Академиясының тәрбиеленушілері « Артек Кубогы - 2019» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.
Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері финалдық сайыста Владикавказ қаласының «Барс» командасын жеңді. Ойынның негізігі уақытында гол соғылмады – 0:0. Матчтан кейінгі пенальти «сары-қаралар» қарсыластарынан басым түсті - 4:3. Команда мүшелері мақтау қағаздарымен марапатталып, атақты лагерьге жолдама ұтып алды. «Қайрат» ойыншыларнан Назар Аль-Хадж «турнирдің ең үздік жартылай қорғаушысы» атағын иеленсе, Азамат Сариев ең үздік ойыншы атанды!
Ялтада өткен «Артек Кубогы - 2019» турниріне тек Ресей ойыншылары ғана емес, Колумбия, Италия және Қазақстан мемлекеттері қатысты.
«Қайрат» топтық кезеңге өтті. Естеріңізге сала кетейік, топтық кезең аясында алматылықтар Сочидің «Дагомысын», Иркутсктің «Юный Динамовец» командаларын жеңді. Ширек финалдық ойында «сары-қаралар» мәскеулік «Мастер-Сатурнмен» кездесті. Тартысты ойында гол соғылмады. Пеналти сериясында «Қайрат» голкипері Азамат Сариев қарсыластың үш соққысын қайтарды. Жартылай финалдық Рафаэль Уразбахтин «Алтай 2004» командасымен кездесті. 4:1есебімен жеңіске жеткен алматылықтар владикавказдық «Барс» клубымен финалда кездесті.