«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» U-16 – Ю.А.Морозовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің қатысушысы
Академия жаңалықтары

«Қайрат» U-16 – Ю.А.Морозовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің қатысушысы

15 августа 2023
/ 06:00

Турнир Санкт-Петербургте 24-27 тамыз аралығында өтеді. 2008 жылы туған ойыншылар қатысады.

Турнирге «Қайрат» және «Зенит» футбол клубтары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында өз жас санатында Қазақстан чемпионы атанған Академиямыздың командасы қатысады.

Сонымен қатар қатысушылар тізімінде ресейлік «Зенит», сербиялық «Црвена Звезда», бразилиялық «Сантос» пен «Интернасьональ», түркиялық «Фенербахче» командалары, сондай-ақ Ресей мен Беларусь жасөспірім құрамалары бар.

Санкт-Петербургке баратын «Қайрат» ойыншыларының тізімін сәл кейінірек жариялаймыз. Осы арада топтық кезеңдегі матчтарымыздың күнтізбесімен танысуға шақырамыз. Алматы уақыты көрсетілген.

24 тамыз (бейсенбі), 17:00

«Қайрат»– «Црвена Звезда» (Сербия)

25 тамыз (жұма), 14:00

«Интернасьональ» (Бразилия) – «Қайрат»

25 тамыз (жұма), 19:30

Ресей құрамасы – «Қайрат»

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»