Санкт-Петербургте 2008 жылы туған командалар қатысқан Юрий Морозовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды.
Денис Леденёв пен Еркин Еркибаев бастаған біздің команда сербиялық «Црвена Звезданы» (2:0), бразилиялық «Интернасьоналды» (2:0) және Ресей жасөспірім құрамасын (1:0) ұтып, ұпай жоғалтпай «А» тобынан шықты.
Турнир финалына шығу үшін матчта біздің балалар санкт-петербургтік «Зенитті» жеңді (2:1). Өкінішке қарай, финалда «сары-қаралар» Беларусь жасөспірім құрамасынан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.
Соған қарамастан, біздің команда құрметті екінші орынды иеленіп, күміс медальмен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстаннан ғана емес, басқа елдерден де жүздеген көрерменнің ықыласына бөленді.
Біз сендерді мақтан тұтамыз, жігіттер!