«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» U-10 Dinamo CUP 2020 жеңімпазы атанды!
Академия жаңалықтары

«Қайрат» U-10 Dinamo CUP 2020 жеңімпазы атанды!

25 февраля 2020
/ 12:00

«Қайрат» ФК Академиясының тәрбиеленушілері халықаралық DINAMO CUP 2020 чемпионы атанды.

Александр Арефьевтің шәкірттері топтық кезеңнен сенімді өтіп, сонымен қатар ірі жеңіске қол жеткізді. «Сары-қаралар»13:0 есебімен Ригадан келген құрдастарын жеңді. Турнирдің ширек финалында қайраттықтар Минскіден келген «Смена» командасын 5:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда алматылықтар минскілік «Динамодан» басым түсіп, финалда Александр Арефьевтің командасы мәскеулік «Динамоны» 3:2 есебімен жеңді.

Алтын медальдардан басқа, «сары-қаралар» жеке марапаттарға да ие болды. Турнирдің үздік қақпашысы болып Арнур Дукенбаев танылды, ол финалдық матчтың шешуші сәтінде пенальтиді қайтара алды, ал турнирдің үздік ойыншысы атағын Салим Хасанов иеленді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»