30-тур ойындарының төрешілері анықталды.
«Қайрат» пен «Тобыл» кездесуі Алматы қаласында жексенбі күні өтеді. Алдағы ойында оралдық Болат Кәрлібаев қазылық етеді. Осы маусымда ол алматылық клубтың қатысуымен бір кездесуін төрелік етті. Маусым айында «Қайрат» сырт алаңда «Қайсарды» жеңген болатын.
Болат Кәрлібаевқа атыраулық Денис Лабашов пен семейлік Ринат Якбаров көмектесетін болады. Ал қосалқы төреші болып Александр Алиев тағайындалды.
Матчтың инспекторы – Геннадий Жуковский (Ақтөбе).