Алдыңғы жаттығуларға қарағанда, «Қайратқа» бұл жолы ауа-райы ешқандай сый жасамады. Түркиялық ОЖЖ-дағы алғашқы жолдастық матчқа дайындалуға бағытталған жаттығу табиғи көгалда өтті.
Қайраттықтар екі топқа бөлінді. Біреуінде қорғаныс шебінде ойнайтын футболшылар жиналып, олар команданың жаттықтырушысы Алексей Шпилевскийдің қол астында жаттықты. Ал екінші бөлік шабуылдаушы жартылай қорғаушылар мен шабуылшылардан құралып, олар аға бапкердің көмекшісі Томми Янигенмен жұмыс істеді.
Қорғаныс шебі ойында өзара әрекеттесу, қорғаныстағы ойынның қағидалары бойынша жаттығып, жекелей және топтасып тапсырмалар орындады. Алексей Шпилевский ресейлік Песчанокопский қаласының «Чайка» командасына қарсы алдағы матчта команда гол жібермейді деп үміттенетінін айтты. Қорғаныстағы әрекеттердің максималды нәтижелігімен жұмыс жалғасуда.
Шабуыл шебі комбинациялармен ойнап, допқа бақылау жасауға және қақпаға соққы бағыттауға көп көңіл бөлді. Ойыншылар мен бапкерлік штаб жылдамдық пен пастар арқылы қарсыластың қорғанысынан саңлау табу үшін ондаған нұсқаларды келтірді.
- Екі мәрте жаттығу жасап жатырмыз. Алдыңғы жаттығуда жылдамдық пен күш-қуаттық жұмыстарды жасадық, - дейді «Қайрат» ФК аға бапкері Алексей Шпилевский. – Футболшылар 1000 метрден 8 рет жүгіріп шықты. Бұған дейінгі жүктемелерге қарамастан, ойыншылар тапсырмаларды толық орындап, бар күштерін салды. Командалық рухтың тамаша екенін айта кету керек. Бәрі бір-бірін қолдап, жігерлендіреді. Көңілім толады. Көңіл-күй тамаша. Алғашқы жолдастық матчты тағатсыздана күтіп жүрміз. Екі құраммен ойнаймыз. Әрқайсысы бір таймнан өткізіп шығады.
«Қайрат» пен «Чайка» арасындағы жолдастық матч 30 қаңтарға жоспарланған.