«Жетісу» - «Қайрат» 3:0
Голдар: Наумов (26'), Хромцов (88'), Оганесян (90+6').
«Жетісу»: Алмат Бекбаев (қ) – Ермек Қуантаев, Дэвид Мавутор, Никита Наумов, Олжас Керімжанов – Мантас Куклис (к), Руслан Степанюк, Камо Оганесян, Альмир Мухутдинов, – Елжас Алтынбеков. Ивайло Дмитриев
Резерв: Андрей Шабанов (қ) – Андрей Лебедев, Андрей Харабара, Мирам Сапанов – Рауль Джалилов, Сабырхан Ибраев, Иван Антипов, Еркін Тапалов – Олег Храмов.
«Қайрат»: Стас Покатилов (қ) – Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Сергей Политевич, Дино Миканович – Айбол Әбікен, Исламбек Қуат, Небойша Косович, Конрад Вржещиньский – Адеринсола Эсеола.
Резерв: Владимир Плотников (қ) – Елдос Ахметов, Ян Вороговский – Рамазан Оразов, Сұлтанбек Астанов, Хан Чжон Ву – Самат Сәрсенов, Вячеслав Швырев, Мартон Эппель.
Қазақстан чемпионатының бесінші турындағы матчты алматылықтар Талдықорғанда өткізген. Ойын «Қайраттың» чемпионаттағы алғашқы жеңілісімен аяқталды.
«Сары-қаралардың» негізгі құрамында алғаш рет Небойша Косович шықты. Ол Айбол Әбікен және Исламбек Қуатпен бірге алаң ортасынан орын алды. Алғашқы минуттан алматылықтар алға ұмтылып, Алмат Бекбаев қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Бірақ көп ұзамай алаң иелері ойынды өз қақпасынан алыстата алды. Ойын бірінші таймның ортасына дейін алма кезек шабуылдармен өтті. «Жетісу» қақпасына жасалған ең қауіпті мүмкіндік 12-минутта болды. Исламбек Қуаттың соққысын Бекбаев кері қайтарған, кейін Адеринсола Эсеола допты қақпаға дарыта алмады. 26-минутта талдықорғандықтар стандартты голға айналдырды. «Қайрат» қақпасына жасалған бұрыштамадан кейін Никита Наумов қанжығасын майлады. Тайм аяғында алматылықтар қарымта гол соғуға жақын болған, бірақ қайраттықтарға сәттілік жетіспеді.
Үзілістен кейін «Қайраттың» құрамында өзгеріс болды. Нұралы Әліптің орнына шабуылды күшейту үшін Вячеслав Швырев шықты. Алматылықтар бар күшімен шабуылдады. Ал алаң иелері қарымта шабуылға иек артты. Сондай ұмтылыстардың бірінде талдықорғандықтар айып алаңына пас асырған, доп Сергей Политевичтің қолына тиіп кетті. Рефери Артем Кучин пенальти белгіледі. Нүктеге келген Ивайло Дмитриевтің соққысын Стас Покатилов кері қайтарды.
Қақпашының керемет сейві «Қайрат» ойыншыларын шабыттандырып жіберді. Алматылықтар қарсылас қақпасына тағы да шабуыл жасады. Ойынға тыңнан араласқан Ян Вороговский мен Мартон Эппель де пайдалы болуға тырысты. Бірақ «Жетісудың» қорғанысы сыр берген жоқ.
Кездесу аяғында Покатилов қақпасына тағы бір пенальти белгіленді. Голкипер Олег Храмцовтың соққысын кері қайтарғанымен, шабуылшы допты екінші рет теуіп үлгерді – 2:0. Ал қосымша уақытта «Жетісу» үшінші голын соқты.