«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті
Қайрат

«Қайрат» сырт алаңда жеңіске жетті

26 мая 2019
/ 00:00

«Шахтер» – «Қайрат» 1:2

Голдар: Доньет Шкодра (26'), Адеринсола Эсеола (74', 79').

«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) - Сергей Скорых, Евгений Ткачук (к), Артём Барановский, Берик Шаихов - Марат Шахметов, Доньет Шкодра, Иван Пешич, Сергей Зенев - Еркебұлан Нұрғалиев, Лувага Кизито.
Резерв: Егор Цуприков (қ), Абылайхан Дүйсен (қ) - Евгений Тарасов, Нияз Шугаев, Антон Чичулин - Дмитрий Бачек, Оралхан Өміртаев, Лукаш Дроппа - Жан Али Пайруз.

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ) - Дино Миканович, Елдос Ахметов, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев - Небойша Косович, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (к), Конрад Вржещиньский - Адеринсола Эсеола.
Резерв: Владимир Плотников (қ), Данил Устименко (қ) - Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Ян Вороговский – Айбол Әбікен, Хан Чжон Ву – Мартон Эппель, Самат Сәрсенов.

12-тур матчы аясында алматылықтар «Астана Аренада» «Шахтермен кездесті. Ойынның алғашқы 15 минутында командалар бір-бірін бақылады.  20-минутта «Қайрат» қарсыластың қақпасына қауіпті сәт тудыра алды. Бауыржан Исламхан «тоғыздыққа» гол соғуға ұмтылғанымен Игорь Шацкий орнынан табыла білді. Қарағандылықтар бірінші таймның ортасында есеп ашты. Гол соққан - Доньета Шкодра. Қақпаға доп өткізіп алған алматылық клуб бар күшін қарсыласқа қарай бағыттады. Үзіліске дейінгі аралықта Конрад Вржещиньский мен  Бауыржана Исламханның гол соғуға мүмкіндіктері болды, алайда іске асыра алмады.

Екінші тайм басталысымен «сары-қаралар» тез шабуылға көшті. Небойша Косович екі қауіпті сәт тудара алғанымен, сәттілік оған күліп қарамады. Алексей Шпилевскийдің шәкірттері 74-минутта есепті теңестірді. Бауыржан Исламхан бастаған шабуылды Ғафуржан Сүйімбаев жалғастырып әкетті. Артем Барановскийдің жанап өткен доп Адероисола Эсеоланың аяқ жағынан табылды. «Қайрат» форварды болса, қақпаға допты дәл көздеп, есепті теңестірді.

Араға 5 минут салып, Миканович – Эсеола жұбы есеп санын ұлғайтты. Дино бұрыштамадан допты әдемі шығарып, Дерин оны әуеден қағып алып, қақпадан бір-ақ шығарды.  

Матч аяқталғанға дейін Эсеоланың хет-трик жасауға мүмкіндігі болған. Алайда шабуылшы сол аяғымен допты дәл көздей алмады. Болат Сариевтің ысқырығы естілді. Осылайша, «Қайрат» сырт алаңда 1:2 есебімен жеңіске жетті. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»